СІЗДІ
«ASTANA EURASIAN BOOK FAIR»
VIII Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз!
«ASTANA Eurasian Book Fair» VIII Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі – ТМД, Еуропа мен Азия елдерінің баспа ісі, кітап саудасы, ғылыми-білім беру және полиграфия компанияларын үлкен зияткерлік алаңға біріктіруге мүмкіндік беретін Еуразия кеңістігіндегі ірі мәдени-ағартушылық шара.
Ұйымдастырушы – «Фолиант» баспасы (Қазақстан Республикасы,Астана қ.)
Ақпараттық қолдаушылар:
Астана қаласының әкімдігі
Кіру құны 500 теңге (зейнеткерлерге, көп балалы аналарға, студенттерге, балаларға, мүгедектерге кіру тегін)
Көрменің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
— Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің мәдениет және әдебиет саласындағы және кітап баспасының түрлі салаларындағы даму жетістіктерін көрсету;
— халықаралық мәдени, іскерлік байланыстарды нығайту және рухани-адамгершілік ағарту, білім беру және мәдениет саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және кәсіпкерлік құрылымдардың белсенді ынтымақтастығын дамыту;
— рухани-адамгершілік ағарту, білім беру және мәдениет саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және кәсіпкерлік құрылымдардың белсенді ынтымақтастығының дамуын нығайту;
— оқырмандардың сұранысы негізінде өзара тиімді ақпарат алмасу және кітап өнімдерін шығару және тарату бойынша келешектегі мақсат-міндеттерді айқындау;
— әлеуетті оқырмандар мен сатып алушыларға жетекші баспалардың қазіргі заманғы кітап өнімдерінің алуан түрлерін, кітап шығару және полиграфия саласындағы жаңа технологияларды ұсыну;
— баспа, автор, кітапхана, кітап сатушы ұйымдар мен полиграфиялық компаниялардың ақпараттық, шығармашылық және іскерлік ынтымақтастығын нығайту және кеңейту;
— әлемдік баспа индустриясының тәжірибесін зерттеу және кітап баспагерлері, кітап таратушылар, полиграфиялық материалдар мен жабдықтарды жеткізушілер арасында байланыс орнату.
СІЗДЕРДІ АСТАНАДА КҮТЕМІЗ!
Ақпараттық серіктестер: