Главная
More Website Templates @ TemplateMonster.com - August11, 2014!



ASTANA PUBLISHING FELLOWSHIP

2024 жылы 18-19 сәуір.


1. Astana Publishing Fellowship (APF) дегеніміз не?

Astana Publishing Fellowship (APF) – бұл 2024 жылғы 18-19 сәуірде Еуразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі аясында өткізілетін Қазақстанды баспа саласындағы фокустық аймаққа айналдыру және әлемдік баспа индустриясының назарын қазақ әдебиеті мен баспа ісіне аудару, сондай-ақ Қазақстанның алғаш рет өткізілетін баспаның кәсіби әлеміндегі мәдениет пен өнер саласындағы халықаралық бастамалары туралы жариялау мақсатында әлемнің түкпір-түкпірінен келген баспагерлердің кездесулеріне арналған бағдарлама


2. APF-ке кім өтініш бере алады?

Бағдарламаға әлемнің түкпір-түкпірінен баспагерлер, жазушылар, әдеби агенттер және авторлық құқық агенттіктері қатыса алады.


3. APF қайда және қашан өткізіледі?

APF Астана қаласында 2024 жылғы 18-19 сәуірде Еуразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі аясында өткізіледі. B2B форматындағы кәсіби кездесулер APF ұйымына бөлінген бөлек залда өтеді.


4. Өтінімдерді қабылдау күндері мен мерзімдері қандай?

Өтінімдер 2024 жылғы 29 қаңтардан бастап 22 наурызға дейін қабылданады. Astana Publishing Fellowship бағдарламасына қатысатын қатысушылар тізімі 25 наурызда жарияланады.

Қатысушылардың тізімі және олардың B2B кездесулерін ұйымдастыруға арналған байланыс деректері қатысушыларға 2024 жылдың 1 сәуірінде беріледі. Кездесулер электрондық пошта арқылы жоспарланады.

Презентациялар мен мәдени іс-шаралар бағдарламасы APF сайтында 2024 жылдың 15 наурызында жарияланады.


5. Шақырылған қатысушыларға қандай мүмкіндіктер беріледі? Қатысу үшін қандай пакеттер бар?

    Биылғы жылы APF үш түрлі қатысу пакеттерін ұсынады*:
    Алтын пакет:
    Тегін рейс
    Трансфер
    3 тәулік тұру орны
    Тамақтану
    Мәдени экскурсиялар
    Ұйымдастырушылар есебінен B2B кездесулеріне қатысу
    Осы пакет бойынша жиырма баспагер қабылданады.
    Күміс пакет:
    Трансфер
    3 тәулік тұру орны
    Тамақтану
    Мәдени экскурсиялар
    Ұйымдастырушылар есебінен B2B кездесулеріне қатысу
    Осы пакет бойынша жиырма баспагер қабылданады.
    Қола пакет:
    Трансфер
    Мәдени экскурсиялар
    Ұйымдастырушылар есебінен B2B кездесулеріне қатысу
    Ұйымдастырушылармен келісілген қонақүйлерде тұрудың ерекше құны ұсынылады.
    Осы пакет бойынша жиырма баспагер қабылданады.
    *ұсынылатын демеушілік пакеттердің мөлшері ұйымдастыру комитетінің шешімімен өзгертілуі мүмкін


6. APF-ке қандай елдер қатысуды жоспарлап отыр?

Биыл алғаш рет ұйымдастырылып отырған бағдарламаға қазақстандық баспагерлерден басқа Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей және ТМД-ның басқа елдері мен таяу шет елдердің баспагерлері қатысады деп күтілуде. APF-ке 25-тен 50-ге дейін қатысушы қатысады деп жоспарлануда.


7. B2B кездесулеріне қанша уақыт бөлінеді? Бағдарламаның кестесі қандай?

APF-те жарты сағатқа созылатын екі жақты кездесулерге арналған 20 слот бар. Осы кездесулерден басқа, қазақ әдебиеті бойынша семинарлар мен бүкіл әлем бойынша баспа базарлары туралы презентациялар өткізілетін болады. Бағдарламаға қатысушылар үшін мәдени экскурсия да жоспарланған.


8. APF-ті кім ұйымдастырады?

APF Еуразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің Атқарушы дирекциясы және Түркиядағы бас кеңсесі бар Introtema Telif Hakları ve Tercüme Ajansı авторлық құқық және аударма агенттігімен ұйымдастырылады.


9. APF-ке қалай өтініш бере аламын?

APF-ке өтінімді келесі сілтеме арқылы беруге болады: өтінім


10. Бағдарлама туралы жаңартулар мен хабарландыруларды қайдан қадағалауға болады?

    Бағдарлама жаңартулары мен хабарландыруларын келесі есептік жазбаларды пайдаланып әлеуметтік медиа арқылы бақылауға болады:
    Twitter: @AstanaPF
    Сондай-ақ бағдарлама хатшылығымен байланысу үшін келесі электрондық пошта мекенжайларын пайдаланыңыз: gulnara.yakupova@introtema.com
, rights@foliant.kz
    Бағдарлама бойынша кез келген сұрақтар үшін келесі телефон нөмірлері: +90 536 598 5319 Гульнара, +77010166662 Малика немесе info@astanapublishingfellowship.org электрондық почта мекенжайы бойынша хабарласуға болады